60 мың жас маман ауылға аттанған

2009 жылдан бері «Дипломмен – ауылға» жобасы аясында 54 мың жас өрен ауылға аттанып, жұмыс атқаруда.

«Дипломмен – ауылға» «Nur Otan» партиясы алаңында жасалған жоба болатын. 2009 жылдан бастап қазірге дейін жоба аясында 54 мың жас ауылға кеткен. Оның ішінде денсаулық сақтау, білім және ауыл шаруашылығы мамандықтарын игерген азаматтар көп», – дейді «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Асхат Оралов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бағдарлама бойынша әлі де шешілмеген мәселелер бар. «Жобаны талдай келе байқағанымыз, ол жерде әлі де болса шешілмеген мәселелер бар. Оның бірі – егер қыз немесе жігіт отау құрғаннан кейін көрші ауылға барып тұратын болса, оның бағдарламасын ауыстыру шешілмеген. Сол секілді көптеген мәселелер бар. Сол себепті, Жастар жылы аясында осы мәселелерді қамти отырып, «Дипломмен – ауылға» жобасын жаңа деңгейге шығару жоспарланып отыр», – деді ол.

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*