Еленген ерлік

ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінде қызды өзіне-өзі қол жұмсаудан аман алып қалған құтқарушы марапатталды.

15 наурызда Ішкі істер министрінің орынбасары Ю. Ильин Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес, адам өмірін құтқару кезінде көрсеткен батылдығы, ерлігі және жанқиярлығы үшін ТЖК Орталық өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының (Астана қаласы) бас құтқарушысы Мақсат Имашевқа «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісін тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, 11 наурызда сағат 18.50-де Астана қаласы ТЖД «112» телефонына Байқоңыр ауданы, Ташенев көшесі, 8 мекенжайында 12 қабатты тұрғын үйдің төбесінен жас әйел секірейін деп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына келгеннен кейін ОӨАЖҚЖ құтқарушысы Мақсат Имашев екі полиция қызметкерімен үйдің төбесіне көтеріліп, қызбен келіссөздер жүргізуге тырысты. Полиция қызметкерлері келіссөздер жүргізіп жатқан кезде, құтқарушы қыз тұрған үйдің шатырына түсті. Құтқарушы қызға білдірмей келіп, оны ұстап, күнқағарға жақындады. Оқиға орнына жеткен полицейлермен бірге қызды төменге түсіріп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Осылайша, Мақсат Имашевтың кәсіби және сауатты іс-әрекеттерінің арқасында 1989 жылы туған азаматтың өмірі құтқарылды.

Юрий Ильин жеке құрамның қатысуымен өткен іс-шарада Мақсат Имашевқа құтқару кезінде көрсеткен қырағылығы мен жедел әрекеттері үшін алғыс айтты. Сонымен қатар, Төтенше жағдайлар комитетінің құтқару бөлімшелерінде батыл жігіттер жұмыс істейтінін, олардың іс-әрекеттері мен жедел іс-әрекеттері шын мәнінде ерлік болып табылатынын, олар әртүрлі төтенше жағдайлар кезінде өз өмірлерін тәуекелге тігіп, батылдық танытатынын, сол арқылы адам өмірін құтқаратынын атап өтті.

ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*