Кеңесші органның келешегі

Түркістан облысының Полиция департаменті жанынан Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамға сәйкес және полиция қызметкерлерінің халық арасындағы сенімділігін арттыру мақсатында Түркістан қаласында полиция жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуге арналған консультативтік-кеңесші орган құрылды.

Оның негізгі қызметтері Конституцияның «Ішкі істер органдары туралы» заңына негізделген және т.б. заңдарды қамтиды, сондай-ақ, қазіргі уақытта ішкі істер органдары жанындағы консультативтік-кеңесші орган туралы типтік ережеге сәйкес іске асырылады.

Жуырда ККО-ның мүшелері өз төрағасын сайлады. ККО-ның құрамы арнайы азаматтық қоғамның түрлі сегменттерінен құрылды. Оның құрамына облыстық мәслихаттың депутаттары, ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдары, кәсіпкерлер мен тағы да басқа ұйымдардың өкілдері кіреді. ККО-ның төрағасы болып Түркістан облыстық Еңбек және ҰОС ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, Түркістан қаласы Ардагерлер кеңесінің мүшесі, ІІМ құрметті ардагері Есалы Нұржанов сайланды.

ККО-ның мүшелері ұсыныстарымен тікелей үкіметтік емес ұйымдарға және ішкі істер органының қызметіне қатысты туындаған сұрақтар бойынша ұсыныстар жасай алады.

Осы уақытқа дейін ККО екі рет жиналыс өткізді. Қаңтар айында өткен ККО-ның бірінші жиналысында органның алда атқарар тапсырмалары мен мақсаттары талқыланды. Ал екінші жиналысында ККО-ның мүшелері ішкі істер органдарының 2019-2021 жылдарға арналған жол картасын іске асыру мақсатында бірқатар мәселені және Полиция департаменті қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын қарады. Полиция қызметкерлерінің арыз-шағымдарды қарау деңгейін жоғарылату бойынша түрлі мәселелер көтеріліп, оңтайлы шешімін табу тетіктері де ескеріліп, қаралған мәселелер оң шешімін тапты.

ККО-ның мүшелері халықтық жиындарға қатысып, азаматтардың сұрақтарына, үндеулеріне назар аударып, алынған ақпарларға Түркістан облысы Полиция департаментінің бірінші басшыларының қатысуымен ККО-ның жиналыстарында талдау жасайды.

Сонымен қатар, алдағы уақытта өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін арттыру, рухани азық беру мақсатында Президенттің «Жастар жылы» және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша алдағы уақытта қала жастары, студенттері, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары арасында шағын футбол, волейболдан жарыстар ұйымдастыруды басты назарға алды.

Түркістан облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*