Жаңа ғимаратта жұмыс ширайды

Өткен аптада Петропавл қаласы ПБ Екінші полиция бөлімінің жаңа ғимараты ашылды.

Бұл жерде 116 қызметкер жұмыс істейді. Олар сапаржай, Жұмысшы кенті, Береке, Өндіріс аймағы ықшам аудандарындағы 70 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетеді.

Бұрын полиция бөлімі 1950 жылы салынған екі қабатты ғимаратта орналасқан болатын. «Ресей темір жолдары» ААҚ Оңтүстік Орал темір жолының Петропавл бөлімшесі басшылығының келісімімен Екінші полиция бөліміне үй-жай бөлінді. Заманауи талаптарға сай жөндеуден өткен ғимаратта фронт-кеңсе, кезекші бөлім, кең акт залы, қызметкерлерге кабинеттер және асхана қарастырылған.

Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет, Петропавл қаласының әкімі Марат Тасмағанбетов, облыс прокуроры Берік Ноғаев, облыстық ПД, қалалық ПБ басшылығы, ардагерлер, ықшам аудандардың тұрғындары қатысты.

Солтүстік Қазақстан облысының ПД бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов құқық қорғау саласын жаңғырту бойынша жұмыстардың бірнеше бағыты бар екендігін айтты.

«Халықпен тығыз қарым-қатынас жасау, фронт-кеңселер арқылы жұмысты ұйымдастыру, кедергісіз әрі қолайлы жағдай жасау полиция қызметінің ашықтығы мен айқындылығын көрсетуге септігін тигізеді. Қалалық бөлініс – облыстағы ең ірі бөліністердің бірі. Ол қызмет көрсету сапасын арттырудың үлгісі болуы тиіс. Бұрынғы ғимаратқа Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасын орналастыруды жоспарлап отырмыз», – деді ол.

Шалғайдағы ықшам аудандандардың бірінде полиция бөліністерін көбейту бастамасына қала тұрғындары оң көзқарас білдіріп жатыр.

Солтүстік Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*