Адалдықтың арда үлгісі

Көліктегі Полиция департаментінде 2011 жылы зейнетке шыққалы бері ведомствоның Ардагерлер кеңесінің есепшісі болып қызмет атқарып келген Наида Елманованы құрметті демалысқа шығарып салу салтанатты шарасы өтті.

Шараға департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Оңал Бекеев және ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты.

Салтанатты іс-шараны аша отырып, Көліктегі ПД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ербол Шаймерденов ұжымның атынан көп жылдық еңбегі үшін алғысын білдіріп, зор денсаулық және отбасы амандығын тіледі. Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта Қазақстан полициясын жаңғырту жөніндегі жол картасын іске асыруға сәйкес, жаңа білікті кадрларды даярлауға баса назар аударылатынын айрықша атап өтті.

Іс-шара барысында көптеген шынайы және жылы сөздер айтылып, бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Өз кезегінде Наида Ивановна барлық қатысушылардың ыстық ықыластары үшін жылы лебізін білдіріп, барлығына бақыт пен жақсылық тіледі.

Милиция подполковнигі Наида Елманованың ішкі істер саласындағы еңбек жолы 1976 жылы Ақмола қаласындағы ішкі істер бөлінісінен басталды. 1985 жылы Көліктегі Тың ІІБ-інде қаржылық қызметті басқарып, сол жерде талай жыл жұмыс істеп, құрметті демалысқа шықты. Оның бұрынғы қызметтестері әлі күнге дейін оның адал әрі қатал қаржыгер болғанын айтады.

Қажырлы еңбегі және ардагерлер жұмысына елеулі үлес қосқаны үшін Наида Ивановна «ІІМ-нің Құрметті ардагері» төс белгісімен марапатталды.

Көліктегі ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*