Апатқа қарсы күш – алдыңғы шепте

Өңірлік орталық коммуникациялар қызметінде Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, подполковник А. Ахметжанов, «Қазгидромет» РММ филиалы директорының орынбасары Д. Исмурзиннің қатысуымен брифинг өтті.

Шара барысында талқыға түскен басты мәселе – көктемгі су тасқынына дайындық. Департамент бастығы орынбасарының айтуынша, су тасқыны қаупі бар.

Өз сөзіне қосымша ретінде республикалық маңызды автожолдарда 470 облыстық және аудандық мəндегі автожолдарда 1112 су өткізу құбыры бар екенін жеткізді. Су басуы ықтимал орындар анықталды. Су өткізу құбырларын тексеру жол қызметінің кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

– Орал қаласының аумағындағы Жайық, Шаған және Деркөл өзендерінің алқаптарында 75 саяжай және бау-бақша бірлестіктері бар. Қазіргі уақытта ол жерлерде 14 мыңнан астам адам тұрақты тұрып жатыр. Облыс бойынша 50 уақытша орналастыру пункті дайын, оның ішінде Орал қаласында 28 пункт бар, – деді А. Ахметжанов.

Батыс Қазақстан облысы ТЖД бастығы орынбасарының айтуынша, күштер мен құралдар тобы 2443 адамнан және 707 техникадан, 51 жүзу құралынан және 266 мотопомпадан тұрады.

Брифинг соңында журналистер спикерлерге өз сұрақтарын қойып, толық әрі нақты жауап алды.

                                                                                                                                                Батыс Қазақстан облысы ТЖД

                                                                                                                                                Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*