Бірлігі бардың болашағы жарқын

Наурыз мейрамы қарсаңында ІІМ Оқу орталығында (Павлодар қаласы) «Арнайы пәндер» циклінің оқытушылары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ елінде өзге ұлттардың дәстүрі мен мәдениетін дамыту, мәдени іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында «Елдің күші – халықтың бірлігінде» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Оқу орталығының бастығы, полиция полковнигі Жандос Орумбаев: «Әр ұлттың салты мен дәстүрі, мәдениеті тек тәрбие мен бауырмалдыққа шақыратын болғандықтан, ұлттар татулығы үшін бұл өткізілген іс-шараның маңызы өте зор», – деп атап өтті.

Дөңгелек үстел басына Беларусь этно-мәдени орталығы төрағасының орынбасары Василий Рак, Павлодар облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар ұйымының үйлестіру Кеңесінің төрағасы Рамиль Смаилов, Павлодар мемлекекттік педагогикалық университеті «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының профессоры, әлеуметтік ғылымдарының кандидаты Олег Комаров және Павлодар музыкалық колледжінің студенті, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, «Жас Отан» жас қанатының жетекшісі Алексей Лодочников шақырылды.

Василий Григорьевич еліміздің өзекті мәселелері, ұлттар арасындағы татулық пен қиын-қыстау заманда көшіп келген және еріксіз қуғындалып, қазіргі таңда еркін өмір сүріп жатқан жандар жайлы ойлар қозғап, ұсыныстар айтты.

Алексей Лодочников Павлодар қаласында тұрып жатқан өзге ұлт жастарының бір шаңырақта оқып, білім алып, бір отбасындай қаланың гүлденуіне, қарттарға көмек көрсетіп жүргендерін қазақ тілінде айтып, бейнероликтерін тыңдаушыларға көрсетіп, патриоттық сезімдерін оятты. Алексей музыкалық колледжде қазақтың киелі аспабы – домбыраны жоғары деңгейде меңгерген. Оқу орталығының жастарына жақсы үлгі көрсетіп, ән-шашу сыйлады.

                                                                                                                                Оқу орталығының «Арнайы пәндер» циклі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*