Қылмысқа – қылбұрау

Түркістан облысында полицейлер автокөлік ұрлығының 20 жайтына қатысы бар күдіктіні құрықтады.

Жетісай ауданы ПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын белгісіз біреулердің ақпан айында «Ауди» маркалы автокөлігінен 10 мың теңге тұратын автокөлік магнитафонын ұрлап кеткендігі жайлы арызданды. Аталмыш жайт ҚК-нің 188-бабы бойынша Жетісай ауданы ПБ-нің СДТБТ-не тіркеуге алынды.

Қылмысты ашу мақсатында криминалды полиция мен жергілікті полиция қызметінің өкілдері қатарынан жедел тергеу тобы құрылды.

Полицейлер тарапынан көлік ұрлаған күдіктіні құрықтау мен түр-тұлғасын анықтау үшін қажетті барлық шаралар атқарылды. Жедел тергеу іс-шараларының нәтижесінде, Жетісай ауданы ПБ-нің полицейлері бұрын сотты болған, жұмыссыз жүрген жергілікті тұрғынды құрықтады.

Қазіргі таңда полицейлердің тергеу жүргізуі нәтижесінде, оның Жетісай ауданында 20 автокөлік ұрлығы жайтына қатыстылығы анықталып отыр.

Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы сомасы миллион теңгеден асады. Күдікті қамауда. ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде.

                                                                                                                                   Түркістан облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*