Заңсыз іс жазасыз қалмайды

Павлодар облысының табиғатты қорғау полицейлері жыл басынан ағашты рұқсатсыз ұрлап кесу бойынша 4 фактіні анықтады

Тәртіп сақшылары браконьерлерді анықтау бойынша іс-шараны тұрақты негізде жүргізіп келеді. Жуырда Майқарағай орман шаруашылығынан қураған ағаштарды заңсыз кесу фактісі анықталды. Полицейлер 33 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Осы факт бойынша ҚК 340-бабы 3-бөлімінің 4-тармақшасы – ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған іс-әрекеттерге сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

                                                                                                                                    Павлодар облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*