Жамбылдықтар жүлдесі

Жуырда Ақмола облысының Шучье қаласында ІІМ Қылмыстық атқару жүйесінің ХІ республикалық чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен 18 құрама қатысып, қоян-қолтық ұрыстан өзара кім мықтыны анықтады.

Үш күнге ұласқан додада ерлер арасында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД командасының мүшесі, әділет аға лейтенанты Ақжол Шардарбеков 55 келі салмақ дәрежесінде, әділет кіші сержанты Сержан Төлепберген 75 келіде 3-орынға ие болды. 80 келі салмақта әділет аға лейтенанты Нұрсұлтан Желдібаевқа жүлделі 2-орын бұйырды. Ал 55 және 60 келі салмақтарда сынға түскен әділет лейтенанты Асхат Жылысбеков пен әділет сержанты Ардақ Төребек 1-орыннан көріне білді.

Айта кету керек, аталған сайыста нәзік жандар да спорттан құр алақан еместіктерін дәлелдеді. Әйелдер арасында 45 келі салмақ дәрежесінде әділет кіші сержанты Айдана Саматова 3-орынға табан тіресе, 55 келі салмақта әділет кіші сержанты Рысты Нартова үздіктер қатарынан көрінді. Сондай-ақ, 65 келіде әділет кіші сержанты Нұрсұлу Рахман, 70 келі салмақ дәрежесінде әділет лейтенанты Жансая Еркебаева жүлделі 1-орынды жеңіп алды.

Осылайша, жалпыкомандалық есепте Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің командасы 2-орынды иемденді.

Жеңіспен оралған спортшыларды Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД бастығы, әділет полковнигі М. Смағұлов құттықтап, команданы жарысқа дайындаған қызметкер, әділет лейтенанты Ринат Тезекбаевқа алғысын білдірді.

Қазіргі уақытта спортшылар 26-29 наурыз аралығында Өскемен қаласында ерлер мен әйелдер арасында өтетін жекпе-жек сайысынан ҚАЖК төрағасының кубогына арналған чемпионатқа дайындық үстінде.

Спортшыларымызға сәттілік пен жеңістер тілейміз!

                                                                                                                   Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*