Шығыстың шымыр ұлдары

Жуырда Ақмола облысының Щучинск қаласында өткен ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің чемпионатында Шығыс Қазақстан облысының да 16 спортшысы бақ сынап, өз мықтылықтарын дәлелдеді.

Жарыс нәтижесіне келетін болсақ, Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД-ның 6 спортшысы финалдық кездесуге шығып, жүлделі 1-орынды қанжығаларына байлады. Атап айтқанда, әйелдер арасында 45 келі салмақ дәрежесінде қарсыластарын айқын басымдықпен ұтқан әділет сержанты Әскербек Тоғжан және 75 келіден жоғары салмақ дәрежесінде әділет аға лейтенанты Әсел Жұмақаева топ жарса, ерлер арасында 65 келіде әділет аға лейтенанты Рауан Өкпебаев, 75 келіде әділет капитаны Азамат Масалимов, 80 келіде әділет капитаны Хасан Дубаев және 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде әділет капитаны Ринат Султабаев сынды спортшылар алтын алқа иеленді.

Финалдық белдесулерді тартысты өткізіп, дегенмен, тұғырдың екінші сатысынан көрінгендер қатарында 50 келі салмақта әділет аға лейтенанты А. Әлімбаева, 55 келіде әділет лейтенанты А. Мәулітова, 70 келіде әділет сержанты Т. Мүсеркенова және 75 келіден жоғары салмақта Е. Қантаева бар.

Жүлделі 3-орынды әйелдер арасында 65 келіде қатардағы Г. Серікбекова және ерлер арасында 70 келіде әділет капитаны Қ. Искаков, 90 келіде әділет майоры Е. Байжуменов иеленді. Жалпыкомандалық есепте Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД үздік шықса, 2-орынды Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД және 3-орынды Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД иеленді.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен және жалпыкомандалық есептегі жеңімпаздар грамотамен және кубокпен марапатталды.

                                                                                                                               Г. СЕРІКБЕКОВА, Шығыс Қазақстан облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*