Мекемелер арасындағы жарыс

Батыс Қазақстан облысының ПД «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамы филиалының қолдауымен Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері арасында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына арналған спорттық турнир өткізді.

Облыстық ҚАЖД бастығының орынбасары, әділет полковнигі М. Ғабдуллин мен «Динамо» дене-шынықтыру спорт қоғамының филиалы бастығының бірінші орынбасары П. Ставкин мерекемен құттықтап, жарысқа қатысушыларға жеңіс тілеп, игі тілектерін білдірді.

Турнирге ҚАЖД-ға қарасты мекемелер мен Орал қалалық пробация испекциясының 5 командасы бақтарын сынап, оларға кәсіби спортшы мамандар төрелік етті.

Шағын фубол ұжымдық ойын болғандықтан, команда мүшелерінің ауызбіршілігі мен түсіністігі аса қажет. Бұл турнирде облыстық ҚАЖД РУ-170/3 мекемесінің құрамасы барлық қарсыластарын ұтып, жеңімпаз атанса, 2-орынды РУ-170/2 мекемесінің құрамасы иеленді. РУ-170/1 мекемесінің құрамасы жүлделі 3-орынға табан тіреді.

Сондай-ақ, белсенді ойын көрсеткен команда мүшелері де назардан тыс қалмады. Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД РУ-170/2 мекемесінің МБКК әділет майоры А. Алагөзов «Үздік қақпашы» атанса, Орал қалалық Пробация қызметінің аға инспекторы, әділет капитаны В. Сохин «Үздік қорғаушы» деп танылды. Ал РУ-170/3 мекемесі режим және күзет бөлімінің бақылаушысы, әділет қатардағы А. Ибрагимов «Үздік сұрмерген» номинациясымен марапатталды.

Турнир соңында облыстық ҚАЖД бастығының орынбасары, әділет полковнигі М. Ғабдуллин жүлдегер командаларды құттықтап, «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамы филиалының жеңіс кубогі мен дипломарын табыс етті.

                                                                                                                                            Қ. ЕСЕНБАЕВ, Батыс Қазақстан облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*