Полиция қызметкері – күміс жүлдегер

Полиция қызметкері каратэ-додан өткен жарыста күміс жүлдегер атанды.

Ақтөбедегі «Жекпе жек» сарайында жыл сайын дәстүрге айналған 18-ші халықаралық әлем чемпионы Әшім Қалидың жүлдесі үшін «AKTOBE OPЕN 2019» турнирі өтті.

Сайысқа Қазақстан, Қырғыстан, Өзбекстан және Ресейден барлығы 300-ден астам спортшы қатысты.

Ақтөбе облыстық ПД ЖҚАЖ инспекторы, полиция лейтенанты, халықаралық санаттағы спорт шебері Әлібек Ідірісов 75 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, күміс жүлдергер атанды. Ол спортпен 7 жасынан бастап шұғылданады. Оны атақты бапкерлер Тимур Шатаев пен Орынбай Майкеев жаттықтырады.

«Мен чемпионаттарға дайындық жаттығуларын қызметіммен қатар алып жүремін. Өзімнің жеңісім үшін ұйымдастыру жұмыстарында және басқа да мәселелер кезінде қолдау көрсететін басшылыққа және әріптестеріме ризамын. Мен екінші орын алдым және осы жеңіс алдағы чемпионатқа керемет дайындық жаттығу болды. Алдағы уақытта тек алтын медальдар алуға ниеттімін. Сонымен бірге, менің арманым – 2020 жылғы Олимпиада ойындарына қатысу. Ол жарыстардың бағдарламасына каратэ спорт түрі ретінде қосылған», – дейді өзінің жоспарлары туралы айтқан Жедел қимылдайтын арнайы жасақтың инспекторы, полиция лейтенанты Әлібек Ідірісов.

Бұл жүлде лейтенанттың сайыстарда алған алғашқы медалі емес. Бүгінде Әлібек Ыстамбұл қаласында өтетін Каратэ-до премьер-лигасы рейтингілік турниріне дайындалуда.

Ол ЖҚАЖ қатарында бір жылдан астам уақыт қана қызмет атқаратынына қарамастан, осы уақыт аралығында нағыз өз ісінің майталманы екенін көрсете білді.

Ақтөбе облысы ПД ЖҚАЖ-ның өзге де қызметкерлері жекпе-жек сайыстарында ел намысын қорғап, байрақты бәсекелерде көк туымызды жоғары көтеріп жүр.

                                                                                                                                       Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*