Психологиялық қолдау маңызды

Жуырда Қызылорда облысы Полиция департаменті жеке құрамының эмоциялық көңіл күйлерін жақсарту, ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында департамент психологтары «Психологиялық қолдау күнін» өткізді.

Таңертең психолог мамандар қызметкерлерді тосын сыйларымен күтіп алып, жағымды көңіл-күй қалыптастырып, оларға жылылық сыйлады. Себебі, департаменттің психолог мамандары үшін әрбір қызметкердің жай-күйі аса маңызды. Көтеріңкі көңіл-күймен жұмыс орнына келген қызметкерлердің бұл күнгі жұмысы сәтті өткені сөзсіз.

                                                                                                                                Қызылорда облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*