Көрісу күніндегі көңілді мейрам

Наурыздың 14-і күні павлодарлық полицейлер 275 қарияны құттықтады.

Полиция ведомствосында «Наурыз мейрамы – әр шаңырақта!» атты акция басталды. Осы мақсатта Наурыз мейрамы қарсаңында тәртіп сақшылары Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйінде қарияларға арнап концерт ұйымдастырды.

Полицейлерді ата-әжейлер ыстық ықыласпен қарсы алып, әншілермен бірге қосыла ән шырқап, би биледі. Көктемнің шуақты күнінде полицейлер ұйымдастырған іс-шараға зор ризашылықтары мен қошеметтерін көрсетті. Ең бастысы, тәртіп сақшылары қарт әжейлердің көкіректеріне жылу беріп, көңілдерін көтерді.

Концерт соңында полицейлер полиция подполковнигі Гүлзада Жетібаева дайындаған ыстық бауырсақпен және тәттілермен шай ұйымдастырып, қызметтері туралы әңгімелесті, ал қариялар наурыз мейрамының ерекшеліктерін баяндап берді.

– Наурыз мейрамы – ежелгі заманнан тойланатын жыл басы. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер адамдары бір-бірімен қос қолдасып, төс қағыстырады, әйелдер құшақтасып, бір-біріне игі тілектер айтады, – деді Сағадат Жұмабаев ақсақал.

– Осындай шуақты күнде Сіздер – жас полицейлер үлкен концерт ұйымдастырдыңдар. Біздің хал-күйімізді біліп, көңілдерімізді көтердіңдер. Мың алғыс! – деп Галина Кондрателя өзінің жылы лебізін білдірді.

Енді осындай акция әрбір ауданда аталып өтетін болады.

                                                                                                                                    Павлодар облысының ПД баспасөз қызметі

 

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*