Жетпіс сақшы «ҚАЗТЕСТ» тапсырды

Жамбыл облысы әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығы өткізген «ҚАЗТЕСТ» сертификаттық, диагностикалық тестілеуге 70-тен астам полиция қызметкері қатысты.

«ҚАЗТЕСТ» – мемлекеттік қызметкерлер мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардың қызметкерлері арасында мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында өткізіледі. Тестілеу барысын Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының өкілдері қадағалады.

Тест тапсырушылар тыңдалым, лексика-грамматикалық мәселелер, оқу және жазу бойынша жабық түрдегі 150 тапсырманы орындады. Тесттің қорытындысы алдағы уақытта белгілі болмақ.

Ішкі істер органдарының қызметкерлері халықпен тікелей жұмыс істейтіндіктен, мемлекеттік тілді жақсы білуі тиіс. Бұл – қоғам талабы.

                                                                                                                                    Жамбыл облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*