Тікелей байланыс тиімділігін көрсетті

Петропавл қаласының ықшам аудандарында өткізілген полиция ведомствосы басшылығының қабылдауында 79 қала тұрғыны болды.
Азаматтардың сенім деңгейін арттыру, ашықтық пен айқындылықты қамтамасыз ету мақсатында екі апта бойы Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов азаматтарды қабылдады.
Полиция ведомствосының басшысымен бірге азаматтарды қабылдауға облыстық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Елена Степаненко, ПД жанындағы Консультативтік-кеңесші органның төрағасы Жасұлан Ахметов және ККО мүшелері қатысты.
Жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау ықшам аудандардағы мектептерде ұйымдастырылды. Қабылдаудың өткізілетін орны мен уақыты туралы хабарландыру күн сайын әлеуметтік желілердегі пабликтердің ленталарында және өңірлік БАҚ-та жарияланды. Алғаш рет азаматтарды қабылдау Instagram әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде көрсетілді. Солтүстік өңір пайдаланушыларының басым бөлігі аталған әлеуметтік желіні таңдаған. Облыстық ПД аккауынтына 18 мыңнан астам пайдаланушы жазылған.
Қабылдаулар «Жұмысшы кенті», «Береке», «Ойқала», 19 және 20 ықшам аудандарда, сондай-ақ, орталықта орналасқан жеті мектепте өткізілді. Жалпы 79 қала тұрғыны қабылданды.
Азаматтарды қабылдау қызметіне тұрғындар учаскелік полиция инспекторларының жұмысы, қылмыстық істердің материалдары, абаттандыру мәселелері бойынша жүгінді. Көктемнің басталуына орай, қарды уақытылы шығармау мәселесі де азаматтарды алаңдатты. Бұдан бөлек, өңірдің бас полицейіне тұрғындар жеке секторда қаңғыбас иттерді аулау, Гастелло, Ибраев, Байболов көшелері бойынша жаяу жүргіншілер өтпелерінің және тротуарлардың болмауы, тұрғын үй аулаларында бейнекамераларды орнату мәселелері бойынша сауалдарын қойды. Көптеген өтініштер бірден қабылдаудан кейін шешілді. М. Амреноваға, О. Серікпаеваға жас полицейлердің жасағы аула маңындағы қарды тазалап көмек көрсетті. Көші-қон қызметінің қызметкерлері «Береке» ықшам ауданының тұрғынына туыстық дәрежені растайтын қажетті құжаттарды алу бойынша көмек көрсетті.
Аббаттандыру мәселелері – қарды уақытылы шығармау, «Береке» және «Жұмысшы кенті» ықшам аудандары көшелерін жарықтандыру, арықтардың тазаланбауы және көшелерде жарықтың болмауы, маршруттық автобустардың аялдамалары жанында құмның себілмеуі, Жұмысшы кентіндегі жол төсемінің қанағаттанарлықсыз жағдайы бойынша барлық жүгінімдер жазбаша түрде мемлекеттік органдарға шешу үшін жіберілді. Қабылдаулардың қорытындылары бойынша Петропавл қаласы әкіміне коммуналдық қызметтердің жұмысына байланысты проблемаларды шешу туралы хат жолданды. Хаттың көшірмесі қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшін облыстық «Нұр Отан» партиясының филиалына жіберілді.
Тұрғындар қабылдауда тек проблемаларын айтпай, сонымен қатар, Ж. Хамзина, Г. Кошелева, Х. Сюникаева учаскелік полиция инспекторларының жұмысына алғыс білдірді. Қызмет көрсететін аумақта жұмысты ұйымдастыра білген алты учаскелік полиция инспекторына Полиция департаменті бастығының бұйрығымен алғыс жарияланды. Тікелей эфир режимінде пайдаланушылар полицейлерге сұрақтар қойды, жауаптар бірден жүгінімді шешу құзыретіне жататын бөліністер басшыларының чатында берілді. Тікелей эфирге көбінесе жұмысқа орналасу мәселелерімен жастар жүгінді. Халықпен кездесу талдауы көрсеткендей, айналасына бей-жай қарамайтын қала тұрғындары полицейлермен бірге өздерінің тұрғын үй кіреберістерін және ықшам аудандарын тәртіпке келтіргісі келеді. Сондықтан да тұрғындар кешке жастар жиналатын мекенжайларды тексеруді сұрады. Полицейлердің назарын жаяу жүргіншілер өтпелерін, бағдаршам объектілерін орнату қажеттілігіне, шеткі аудандардың аз жарықтандырылған көшелеріне аударды.
Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Динара Қожантаева: «Абаттандыру ережелерін бұзудың әрбір фактісі бойынша қаланың ықшам аудандарында халықпен кездесулер, рейдтік іс-шаралар өтті. Полицияның жұмысына қатысты жалпы сұрақтарға кездесулер барысында түсіндірмелер берілді. Полиция департаментінің басшылығымен өткен бетпе-бет кездесулер тиімділігін көрсетті. Бірқатар арыздар бақылауға алынды. Олар бойынша азаматтарға белгіленген мерзімде құзырлы жауаптар берілетін болады», – деді.
Жыл басынан облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов 107 адамды қабылдады.

Солтүстік Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*