Жолаушылар қауіпсіздігі – сенімді қолда

Жуырда Алматы-1 стансасындағы Полиция басқармасының қызмет көрсету учаскесінде «Көліктегі қауіпсіздік» атты жедел алдын алу іс-шарасы өтті.
Жолаушы пойыздарында қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті тиісті деңгейде сақтау мақсатында ұйымдастырылған іс-шараның маңызы ерекше. Қазір халықтың басым бөлігі жолаушы пойыздарымен қатынайды. Ал олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол үстінде кездесетін қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу міндетін абыроймен орындау жолында тынымсыз еңбек етіп жүрген көлік сақшылары мұндай маңызды іс-шараларды жиі ұйымдастырады.
«Көліктегі қауіпсіздік» атты жедел алдын алу іс-шарасы кезінде Алматы-1 стансасындағы ЖПБ Ювеналдық полиция тобы учаскелік полиция инспекторының міндетін атқарушы, полиция капитаны Ж. Арынова, Алматы-2 стансасындағы ЖПБ Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Ф. Қайыржанов Алматы қаласындағы темір жол вокзалдарында ғана емес, Байсерке, Медеу және Жетісу стансаларындағы көлік нысандарында нәтижелі жұмыс істеді. Мұндай қауіптілігі басым аймақтарда балалардың себепсіз болуын, жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілдерсіз жүруін анықтау шараларына баса назар аударылды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 559-бабының 5-бөлігінде темір жол арқылы белгіленбеген жерден өткен адамдарға ескерту жасалатыны немесе үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатыны атап көрсетілген. Жедел алдын алу іс-шарасы кезінде осындай әрекеті үшін 1 адам ұсталса, осы кодекстің 442-бабында көзделген әрекеттері үшін, яғни түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде жүрген 3 жасөспірім анықталды.
Сондай-ақ, кәмелеттік жасқа толмағандардың тыйым салынған заттарды, оның ішінде суық қаруды алып жүруін анықтау, әртүрлі қайғылы жағдайлардың алдын алу да назардан тыс қалған жоқ.

Гүлнәр МАҒЗҰМОВА

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*