Індеттің таралмауына әр адам жауапты

Ақтөбелік тәртіп сақшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын талқылады.
Құқық қорғау қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында өткен алқалы кеңеске Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Махамбет Абисатов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы Ақтөбе облысы бойынша департаментінің директоры Мирлан Мұхамбетов пен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бастығы Расул Медетов қатысты.
Жиында жыл басынан бері құқық қорғау саласы қызметкерлері арасында тіркелген құқық бұзушылықтар туралы Ұлттық бюроның Ақтөбе облыстық департаменті тергеу басқармасының жетекшісі Гүлфарида Таубаева баяндама жасады.
«Басты мақсат – алдын алу шараларын кешенді жүргізу. Біз Ақтөбе облысы Полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасымен тікелей байланыста жұмыс істейміз. Сыбайлас жемқорлықпен бірлесе күрескенде ғана жұмыс нәтижелі болады», – деді Ұлттық бюроның Ақтөбе облысы бойынша департаментінің директоры Мирлан Мұхамбетов.
«Біз жуырда қаладағы жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының студенттері арасында анонимді сауалнама жүргіздік. Сол кезде оқу орындарында әлі де болса сыбайлас жемқорлық фактілері бар екені байқалды. Көпшілік арасында тәртіп сақшылары, әсіресе, жол-патрульдік полициясының қызметкерлері сыбайластыққа бейім деген пікір қалыптасқаны рас. Алайда, полицейлер заңды бұзбаса да, ақша ұсынғандарды да тәртіпке шақыру керек. Мәселен, аудандардағы мамандандырылған ХҚО-да жүргізуші куәлігін алушылардың сараптамасын қарасақ, Темір мен Шалқар аудандарында жүргізуші куәлігін алушылар саны 81 пайыздан жоғары. Бұл да бізге күмән туғызады», – деді мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бастығы Расул Медетов.
Аталған мәселе бойынша Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы Махамбет Абисатов Әкімшілік полиция басқармасына нақты тапсырма берді.
«Бүгінде тәртіп сақшыларына ел үлкен үміт артып отыр. Қоғамда халықтың қауіпсіздігі мен тыныштығын сақтап, құқық бұзушылықтарға жол бермеу үшін әркім өз міндетін адал атқаруы тиіс. Қазақта «Жанымды алсаң да арымды алма» деген аталы сөз бар. Біз сыбайластыққа жол бермей, өз абырой-намысымызға кір келтірмей, арымызды таза сақтауымыз қажет. Әркім өзіне есеп беріп, өз арына нұқсан келтірмеуге тырыссын. Халықтың сенімін ақтау парыз. Бұдан бұлай да осындай басқосулар полиция бөліністерінің жеке құрамдары мен жетекшілерінің қатысуларымен жиі өткізіліп тұрады», – деді Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Махамбет Абисатов.

Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*