Қадағалау жоқта қылмыс өршиді

Көлік полицейлері бір тәулік ішінде қадағалаусыз және қараусыз жүрген 60-тан аса кәмелетке толмаған баланы анықтады.
Көліктегі Полиция департаментінің және оның желілік бөліністерінің қызмет ету аумағында 11-13 наурыз аралығында «Қадағалаусыз жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер қылмыстарының алдын алу және ескерту, олардың түнгі мезгілде заңды тұлғаларының ілесіп жүруінсіз көшеде жүру фактісін анықтау, соңдай-ақ, балалардың жарақат алу, жазатайым оқиғалар, жолаушылар пойыздарының әйнегін сындыру фактілерінің алдын алу.
«Департамент бойынша бір тәулік ішінде 72 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді. Олардың ішінде қадағалаусыздық және қараусыздық бойынша 60 жасөспірім болса, оның 3-еуі Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды», – деп атап өтті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Жасұлан Байкенов.
ЖПІШ өткізу барысында көлік полицейлері әртүрлі құқық бұзушылық жасағаны үшін 12 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сондай-ақ, ӘҚБтК-нің 442-бабы, 2-тармағы (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша 11 дерек анықталды. Сонымен бірге, балаларды тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін дұрыс атқармай жүрген 11 ересек адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Бұл көрсеткіштер ата-аналар тарапынан өз балаларына деген лайықты қадағалаудың жоқтығын және жасөспірімдердің бос уақыттарының көп екендігін көрсетеді», – дейді Ж. Байкенов. Оның айтуы бойынша, аталмыш іс-шараның шеңберінде Желілік басқармалар мен бөлімдер қызметкерлері оқу орындарында құқықтық тақырыпта 48 дәріс өткізіп, «Жол үстіндегі кездесу» бойынша жолаушылармен 21 кездесу жүргізді, сондай-ақ, 18 халықпен кездесу ұйымдастырылды.
«Біздің жұмысымыз мұғалімдер мен ата-аналардың күштерін жұмылдырып, алдымызда тұрған мәселелерді бірлесе шешуге бағытталған. Біз үшін ата-аналардың қатысып, атсалысуы өте маңызды», – деп сөзін түйіндеді полиция подполковнигі.
Іс-шараны өткізуге «Нұр Отан» партиясы, көлік прокуратурасы, білім беру және қоғамдық органдардың, сондай-ақ, әуе және темір жол ұйымдарының өкілдері де жұмылдырылды.

Көліктегі ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*