Ештен кеш жақсы

Солтүстік Қазақстан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Ғабит Мүсірепов атындағы аудандағы әріптестерімен бірге 2017 жылғы күзде жасалған қарақшылыққа қатысы бар күдіктіні анықтады.
Күртесінің жағасымен бетін жауып алған ер адам кірген кезде, жәбірленуші – Урожайное ауылының 21 жасар тұрғыны үйінде өзі жалғыз болған. Қаскөй пышақпен оны қорқытып, ақша беруді талап еткен. Қыз үйіндегі небәрі 5 мың теңге ақшаны берген, бірақ, болған оқиғадан қатты психологиялық зардап шеккен.
Шок алған жәбірленушінің полиция шақыруға жағдайы болмағандықтан, біршама уақыт өткеннен кейін полицияны оның танысы шақырған. Қылмысты ізін суытпай ашу мүмкін болмады.
«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде келген облыстық КПБ қызметкерлері аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірге істегі бар фактілерді тексеріп, күдіктіні анықтады, – дейді облыстық ПД КПБ бастығы, полиция полковнигі Петр Климов. – Ол бұрын сотталған 1961 ж.т. аудан тұрғыны болып шықты».
Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 192-бабы, 2-бөлімі («Қарақшылық») бойынша тергеу жүргізілуде. Баптың санкциясымен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жіберілді. Осылайша, екі жылдай бұрын жасалған ауыр қылмыс ашылды.
Өткен жылдардағы қылмыстарды ашу – облыстық ПД басшылығының ұдайы бақылауында тұрған жұмыс желісі. Жыл басынан облыстық полицияның аумақтық бөліністері «өткен жылдардағы» санатында бұрын жасалған 133 қылмысты ашты. Оның 166-сы – бөтеннің мүлкін ұрлау, 11-і – алаяқтық, 2-еуі – бұзақылық, 1-еуі – тонау.
Жалпы, осы жылы 2 қарақшылық шабуыл тіркеліп, екеуі де ашылды.

Солтүстік Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*