Алда – Азия және әлем чемпионаттары

Жуырда Атырау қаласында жекпе-жек ұлттық спорт түрінен ерлер мен әйелдер арасында республикалық чемпионат өтіп, оған еліміздің әр аймағынан 300-ге жуық спортшы қатысты.
Жарыс жолына шыққан Ақтөбе облысының Полиция департаменті Жедел қимылдайтын арнайы жасағының сақшылары да жеңімпаздар қатарынан көрінді.
Сайыс қорытындысы бойынша 65 келі салмақ дәрежесінде жалпы саны 5 жекпе-жек өткізген Мирас Ұлықпанов абсолютты чемпион деп танылып, жеңімпаз атанды. Мирас Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданына қарасты Аралтөбе ауылында дүниеге келген. 7 жасынан бастап қазақ күресі, еркін күрес және тағы да басқа спорт түрлерімен айналысқан.
Сонымен бірге, ЖҚАЖ инспекторлары Нұрсұлтан Махметов пен Айбек Атабаев жүлделі екінші орынды иеленді.
Енді біздің спортшылар Азия және әлем чемпионаттарында ел намысын қорғайтын болады.
Айта кетейік, чемпионат қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының командасы үшінші орынды иеленді.

Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*