Боз кілемдегі бәсеке

Ақтөбе қаласының 150 жылдығы және Жастар жылы шеңберінде, «Болашаққа қазақ тілімен» атты іс-шаралар акциясына сай және алдағы өтетін облыстық, республикалық жарыстарға спортшыларды іріктеу мақсатында ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ауыспалы құрамы арасында қазақ күресі және самбодан жарыстар ұйымдастырылды.
Институт бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент), полиция полковнигі А. Сайтбеков жарысқа қатысушы курсанттарға сәттілік тілеп, спортта жоғары белестерді бағындыруға серпін беріп, шараны салтанатты түрде ашты.
Жарыс қазақша күрестен 3 салмақ дәрежесі бойынша өтіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Атап айтсақ, 66 келіге дейінгі салмақта 2 «А» курсы 204 оқу тобының курсанты А. Қаражанов, 74 келіге дейінгі салмақта 1 «А» курсы 104 оқу тобының курсанты Р. Мұхтаров, 82 келіге дейінгі салмақта 1 «Б» курсы 101 оқу тобының курсанты Ш. Тұрсынов жүзден жүйрік шықты.
Самбо күресі бойынша 4 салмақ дәрежесінде төменде аталған курсанттар жеңімпаз болды: 57 келі салмақта 2 «А» курсы 201 оқу тобының курсанты Е. Темір, 62 келі салмақта 2 «А» курсы 204 оқу тобының курсанты Б. Молдыбаев, 68 келі салмақта 2 «А» курсы 205 оқу тобының курсанты Н. Болат, 74 келі салмақта 2 «А» курсы 202 оқу тобының курсанты А. Асылхан.
Жарыс жақсы көңіл күйде өтіп, жеңімпаздар және жүлдегерлер мақтау қағаздарымен марапатталды.

А. МЕРҒАЛИЕВ, Ақтөбе қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*