Мейірім шуағы

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД ОВ-156/18 мекемесі ұжымының ер-азаматтары жыл сайын Халықаралық әйелдер күні мерекесінде мекеменің әйелдер қауымына гүл сыйлауды дәстүрге айналдырған.
Көңіл шуағынан мейірім төгілген аяулы жандарға қашан да құрмет көрсету – саналы азаматтың міндеті. Көктемнің шуақты мерекесі Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемеде бірнеше жыл қызмет атқарған кешегі ару қыз, күлімкөз келіншек, бүгінгі зейнеткер ана-апаларымызды құттықтаудан басталады. Бұл жыл сайынғы жалғасын тауып келе жатқан игі дәстүрге айналған.
24 жылдан астам уақыт аталған мекемеде арнайы есеп бөлімінің инспекторы қызметін атқарған Сима Төреханова, 17 жылдан астам қаржы бөлімінің есепшісі болып қызмет атқарып келген Айгүл Исатова, 20 жылдан артық еңбек сіңірген еден жуушы Галина Гембельді құттықтап, осынша жыл тер төгіп, атқарған еңбектері үшін алғыс айтылды. Хош иісті гүл шоқтары мен сыйлықтар зейнеткер аналарымызға қуаныш сыйлады.

Г. ҒАБИТОВА, Шығыс Қазақстан облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*