Тарихты тану – тағылымды іс

Жастар – қоғамның қозғаушы күші, еліміздің қазіргі әлемдегі бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы. Астанада өткен «Жастар жылының» ашылу рәсімінде Елбасының «Қазақстанның болашағы сіздердің білімдеріңізге, энергияларыңыз бен патриотизмдеріңізге байланысты. Біз қазір жасап жатқанның бәрі – сіздердің бақытты өмірлеріңіз үшін» деген сөзі жастарға шабыт беріп, қанаттандырғаны анық.
Жалағаш ауданы Полиция бөлімінің жеке құрамы да кәсіби біліктілігі жоғары жастармен жасақталған. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлықтың арқасында олар қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмысты ашу мақсатында қырағы қызмет етіп келеді.
Бүгінгі таңда егемен еліміздің, жеріміздің тарихын танып, таразылайтын мезгіл жетті. Өйткені, өткен тарихымызды білмей, алға қарай жылжу мүмкін емес. Ұлттық мәдениетіміз бен ата-бабадан қалған мұрамыздың құнды жәдігерлерінің тарихынан сыр шертетін дүниелердің басым көпшілігі тарихи өлкетану музейлерінде сақтаулы.
Жалағаш ауданы Полиция бөлімінің басшылығы ішкі істер органдарының зейнеткерлерімен бірлесіп, полицияның имиджін көтеру мақсатында түрлі кездесулер мен жиындар ұйымдастырып, жастарды ішкі істер органдары қызметінің қыр-сырына қанық қылып, тәжірибелерін бөлісуге келгенде аянып қалып жатқан жоқ.
Жуырда Жалағаш ауданы Полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Абзал Сералиев жас полиция қызметкерлерінің кеудесінде Отан алдындағы патриоттық сезімін, туып-өскен жеріне деген махаббатын ояту мақсатында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын қолдау барысында бөлімде қызмет атқарып жүрген жас полиция қызметкерлерін Жалағаш ауданының мұражайына апарды.
Сонымен бірге, полиция қызметкерлері Бұқарбай батыр ауылдық округіндегі «Бұқарбай батыр» атындағы мұражайында болып, мұражай қызметкерлері батырдың өмірі мен тарихи жолдары, ерліктері жайлы баяндап, оның қару-жарақтары мен бейбіт өмірде қолданған құрал-саймандарын таныстырды.

Қызылорда облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*