Қайырымдылық – сақшыға тән қасиет

Ақмола полицейлері мүмкіндігі шектеулі балаларға салтанатты түрде сыйлықтар табыс етті.
«Біз біргеміз» облыстық қоры ұйымдастырған қайырымдылық форумына тәртіп сақшылары да қатысты.
Дәстүрге айналған «Алтын жүрек Көкше» сыйлығын тапсыру рәсімі Көкшетауда өтті. Жыл сайын жүрек формасындағы мүсіншелер түріндегі еңбегі сіңген марапаттар қайырымдылық бағдарламаларын іске асыруға қосқан үлесі және мұқтаж адамдарға көмек көрсеткені үшін адамдар мен ұйымдарға беріледі. Осы жылы «Меруерт» мейрамханасында өткен шараға сыйлық лауреаттары мен шақырылған қонақтар жиналды.
Ақмола тәртіп сақшылары жүрек жылуына мұқтаж жандарға жылулық сыйлайтындардың қатарында полиция қызметкерлері әрдайым қайырымдылық көмек көрсетуге дайын және өңірде осы бағытты дамытуды қолдайды. Бұл жолы да полицейлер іс-шараға құр қол келген жоқ. Мүмкіндігі шектеулі балаларға бағалы сыйлықтар табыс етті.
Марапаттарды тапсыру рәсімі әсерлі өтті. Қайырымдылық мерекесінің қонақтарына арнап шақырылған әртістер музыкалық композициялар орындады.
Құрамында Әсем Жиенғалиева, Қуаныш Есенбеков, Асан Әубәкіров және Тамерлан Қадыралиев бар полиция қызметкерлерінен құралған шығармашылық ұжым Жанат Жанәділовтің басшылығымен қонақтар мен қатысушыларға тамаша концерттік нөмірлер сыйлады. Барлық қатысушылар үшін №11 орта мектептің әскери-патриоттық және әскери-медициналық сынып оқушыларының өнер көрсетуі нағыз тосын сый болды. Жас кадеттер «Жаса, Қазақстан!» патриоттық әнін шырқады. Іс-шара қонақтары әртістердің өнерін қошеметтеп, өз әсерлерін бөлісіп жатты.
«Осы залда болу және жақын адамға көмек көрсетуге әрдайым дайын осындай үлкен отбасының бір бөлігі екеніңді сезіну – өте әсерлі. Бұл – барлық азаматтарға қайырымды істер жасауға болатынын және әрқайсымыздың бойымыздан осындай қасиеттерді көрсетуге көмектесетін іс-шара», – деді полицейлер.
Айта кету керек, тәртіп сақшылары көмекке мұқтаж ақмолалықтарға жәрдем көрсететін көптеген қайырымдылық жобаларды жоспарлап отыр.

Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*