Орталық кеңесінің жетінші отырысы

Алматы қаласында Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталық кеңесінің жетінші отырысы өтті.
Шараға Ішкі істер министрінің орынбасары Ю. Ильин және Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің статс-хатшысы А. Мамбетов қатысты.
Алғаш рет Төтенше және Өкілетті Елші М. Азими басқарған Ауғанстан Ислам Республикасының делегациясы отырысқа қатысты. Ауған тарапы толық құқықты мүше ретінде Орталыққа кіру дайындығын қосымша растады.
Кеңес отырысында Орталықтың 2018 жылғы есебі қаралып, мақұлданды. Орталық директоры лауазымына тағайындау үшін кандидатураны келісті. Отырыс шеңберінде Орталықтың халықаралық ұйымдармен азаматтық қорғау саласында бірлескен жобаларын жүзеге асыру барысы туралы ақпарат берілді.
Кеңес мүшелері Орталық құрамын бұдан әрі көбейту, сондай-ақ, зілзалалар қатерін төмендету, төтенше жағдайларға ден қоюға әзірлікті күшейту саласындағы халықаралық бағдарламалар мен жобаларды іс жүзінде іске асыруда Орталықтың әлеуетін тиімдірек пайдалану бойынша Тараптар күшін жандандыру ұсынылды. Отырыс қорытындысы бойынша Орталық кеңесінің шешіміне қол қойылды.

ІІМ ТЖК Халықаралық ынтымақтастық басқармасы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*