«Құқықтық тәртіп» қорытындыланды

Елімізде кезекті «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Жеті күн ішінде полиция қызметкерлері 3 мыңнан астам қылмысты, оның ішінде 906 бұрын жасалған қылмысты ашты.
Атап айтсақ, кісі өліміне қатысты 10 қылмыс, 6 қарақшылық шабуыл жасау және 61 тонау фактісі ашылды. Қылмыстық іздеуде жүрген 147 қылмыскер ұсталды, оның ішінде 54 қылмыскерге өткен жылдары іздеу жарияланған болатын.
5 наурызда Петропавл қаласында полиция қызметкерлері есірткі қылмысына қатысы бар қала тұрғынын ұстап, оның автокөлігінің жүк салғышынан 70 кг марихуана тәркіленді.
Алматыда жамбылдық полиция қызметкерлері «Қордай-Алматы» автожолындағы жанар-жағар май құю стансасына қарақшылық шабуыл жасаған топты ұстады.
Өскеменде осы қаланың тұрғыны ұсталып, одан қолдан жасаған атыс қаруы тәркіленді.
Жалпы, «Құқықтық тәртіп» операциясы қалалар мен елді мекендерде қоғамдық тәртіптің сақталуына, құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік берді.

ІІМ баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*