Батырлар отбасыларына құрмет

Алматы қаласының полицейлері қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан тәртіп сақшыларының отбасыларына арнайы барып қайтты.
Алматы қаласының Полиция департаменті Әуезов аудандық Полиция басқармасының полицейлері жақсылық жасауға негізделген іс-әрекеттерімен есте қалды. Полиция басқармасы жеке құрамының бастамасымен өз қалталарынан қомақты қаржы жинап, қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына арнайы барып, сыйлықтар табыстап, отбасы мүшелерін қуанышқа бөледі. Мейірімі шексіз аналардың құшақтарын гүлге толтырды.
Отбасының тірегі кетсе де, артынан ерген түтін түтетері бар екенін елеп-ескерген полиция қызметкерлері сауапты іс жасады. Атап айтсақ, Әуезов ауданының ПБ учаскелік инспекторы болған милиция лейтенанты Тұрсын Абдумасаровтың жұбайы Раушан Абдуллаеваға барып шықты. Сондай-ақ, учаскелік инспектор, полиция лейтенанты Айдарбек Әшімовтің жұбайы Орынкүл Жаманқұлова, милиция старшинасы Нұрсап Манапбаевтың жұбайы Нұрбике Тоқтаболатова, Әуезов ауданы ПБ Көші-қон полиция бөлімінің аға инспекторы, полиция капитаны Амангелді Сагеевтің жұбайы Фарида Айболатқызына барып, мерекемен құттықтап шықты.
«Ер есімі – ел есінде» демекші, қызмет бабында қаза тапқан ерлердің есімі бүгінгі жас ұрпақ барда ешқашан ұмыт болмақ емес.

Наурызгүл МЫРЗАХМЕТОВА, Алматы қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*