Мереке мерейі

Ақмола полицейлері мен жас кадеттер Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жұбайларын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап қайтты.
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ақмола тәртіп сақшылары Көкшетау қаласы №11 орта мектебінің әскери-патриоттық сынып оқушыларымен Ұлы Отан соғысы және ішкі істер органдары ардагерлерінің жұбайларына барып, құттықтап қайтты.
7 наурызда делегация ардагерлер Өтебаев Сәрсенбайдың жұбайы Сара Қаскеева мен Анатолий Тюменцевтің жұбайы Ксения Петровнаның үйінде болды.
Ардагерлер кеңесінің төрағасы, полиция полковнигі Дәуітбек Нұрғалиев әйелдерді келе жатқан мерекемен құттықтап, оларға зор денсаулық және отбасылық амандық тіледі. Кадет оқушылары құттықтау өлеңдері мен әндерін оқып, ал полицейлер гүлдер мен сыйлықтар табыс етті.
Әйелдер музыкалық құттықтаулар күтпеген және жағымды тосынсый болғанын айтып, науқан ұйымдастырушыларына ықыластары мен қамқорлықтары үшін шын жүректен алғыстарын білдірді.
Мереке қарсаңында тәртіп сақшылары ішкі істер органдары ардагерлерінің әйелдерін және қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің жұбайларын құттықтады.

Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*