Полиция қызметкерлері марапатталды

Жезқазған қаласы ПБ басшылығының ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның алғы сөзін Жезқазған қаласы ПБ-ның бастығы, полиция полковнигі Амангелді Құрманов ашып, осы қызметте талай жылдар бойы қызмет етіп кеткен отставкадағы ардагерлерге зор денсаулық тілеп, қазіргі таңда қызмет етіп келе жатқан жас полиция қызметкерлеріне сәттілік тіледі.
Полиция басқармасының бастығы А.Құрманов жедел криминалистика қызметінің қиындығын, қылмысты ашу, күдіктілерді анықтау, оқиға орнынан алынған айғақ заттар арқылы мән-жайдың ақ-қарасын ажырату істері полиция қызметкерлерінің күні-түні атқарып жатқан еңбектерінің арқасында екендігіне тоқталып өтті.
Одан әрі отставкадағы полиция қызметкерлері А.Новожилов, С. Сүлейменов, С. Балапанов, Б. Аманжолов, О. Маджар, Ө. Алшынбаев, Қ. Жомартов, С. Ранова, К. Захаров, Ғ. Қорғанбеков, Т.Баржақсин төсбелгілермен марапатталды.
Сонымен қатар, бұрынғы криминалистика бөлімінің бастығы, полиция майоры Ж. Батыр, криминалистика тобының криминалистері – полиция капитаны М. Такауов, полиция аға лейтенанты А. Балғабай, полиция аға лейтенанты М. Аймурзин, полиция лейтенанты А. Альмағанбетов, полиция аға лейтенанты К.Жанедилов марапатталды. Жедел криминастика саласымен тығыз байланысты қызмет ететін полиция қызметкерлері де Жезқазған қаласы ПБ бастығының алғыс хаттарымен марапатталды.

Айгерім РЫМБЕКОВА,Жезқазған қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*