Су тасқынын ауыздықтауға дайын

Қостанай облысы ТЖДбастығының орынбасары, подполковник Руслан Орынбеков облысаумағына алдағы төніп келе жатқан су тасқыны кезеңіне дайындық жүріп жатқандығы туралы айтты. 2019 жылғы су тасқынына қарсы іс-шаралар облыстық, қалалық, аудандық жергілікті атқарушы органдармен, сонымен қатар, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою құзіреті кіретін мемлекеттік мекемелермен тығыз байланыста жүргізілмек.
Подполковник Руслан Орынбеков тасқын кезеңінде қандай елді мекендер су тасқынынан зардап шеккендігін, әкімшілік аумақтағы шаруашылық обьектілері мен елдімекендерді су тасқынына дайындау және кісі өлімін ескерту бойынша жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстары жөнінде жұртшылықты ақпараттандырды.
Сонымен қатар, көктемгі су тасқынына дайындықтың бір кезеңі ретінде жуырда «Көктем-2019» республикалық командалық штабтық жаттығуы өтті. РКШЖ облыстық штаб басшылығы Қостанай қаласында орналасады.Бұл кезеңде Қостанай облысының азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің облыстық аумақтық ішкі жүйесіне көктемгі кезеңдегі мүмкін болатын төтенше жағдайлардың салдарын жоюға дайындықтың жоғары дәрежесін көрсетті. ТЖД өкілі облыс тұрғындарына көктемгі су тасқыны кезеңінде қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидаларын сақтауға және төтенше жағдайларды болдырмау және жою бойынша уақытылы шаралар қабылдау қажеттілігіне баса назар аударды.

Қостанай облысының ТЖД

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*