Өрт қауіпсіздігі сенбілігі

Өрт кезінде ең қорқыныштысы – адамдар өлімі. Оның орнын ешнәрсе толтырмайды. Статистика көрсеткіштеріне сүйенсек, биыл Жамбыл облысы аумағында 63 өрт оқиғасы тіркеліп, от құшағында 2 адам көз жұмды. Оның ішінде 1 бала, 2 ересек адам әртүрлі дәрежелі жарақат алды. Сондай-ақ, адамдар газ жабдықтарын дұрыс қолданбағандықтан уланып, өмірімен қоштасып жатады.
Осыған байланысты, Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері 2-3 наурызда тұрғын үй секторында тұрмыстағы өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау, жылыту пешін және тұрмыста газды пайдалану кезіндегі ережелерді сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Үгіт-насихат іс-шараларын жүргізу алдында департамент қызметкерлері өрт сөндіру қызметінің жеке құрамымен жеке тұрғын үй секторындағы ТЖ алдын алу мәселелері бойынша оқытуды ұйымдастырды.
Ал тұрғын үй секторында «Өрт қауіпсіздік сенбілігі» аясында 6024 үйге аралау жұмыстары жүргізіліп, 800-ден астам адамға нұсқаулық берілді. Тараз қаласының барлық шағын аудандарында әрбір кіреберісте «Тұрмыста газды пайдалану кезінде ережелерді сақтаңыз!» деген жазу және көпқабатты үйлер мен жатақханалардың тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша жаднамалар ілінді.

Берік САТЫБАЛДИЕВ,Жамбыл облысы ТЖД ӨҚСБПҚБ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*