Әке жолын жалғастырған

Егеменді еліміздің гүлденуі жолында қиындығы мол қылмыстық-атқару жүйесі саласында ер-азаматтармен бірге қызметтік міндеттерін мінсіз, мүлтіксіз орындап жүрген нәзік жандылар аз емес. Солардың бірі де бірегейі – көпбалалы ана, қызметіне адал жан, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД Пробация қызметіне басшылық жасау тобының аға инспекторы, әділет майоры Бақыт Абилова.
Бақыт Изенбекқызы 1978 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.Әкесі Изенбек– Қызылорда облыстық Ішкі істер департаментінде 25 жылдан астам уақыт абыроймен қызмет атқарған жан.Отбасында әкенің ақылына, ананың мейіріміне қанып өскен 4 қыздың кенжесі «әке жолын қуып, заң саласында қызмет атқарсам» деген арманмен өседі. Ол әкесінің әр айтқан ақылын бойына сіңіріп өсті. Бала күннен шен тағып, ішкі істер органдарында қызмет етуді мақсат еткен оны арманы үнемі алға жетеледі. Осы арманына қол жеткізу үшін Бақыт Изенбекқызы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне түсіп, заңгер мамандығын алып шығады. Екі жоғарғы білімі бар Бақыт еңбек жолын Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесі кадр бөлімінің инспекторы қызметінен бастап, бүгінде ҚАЖД Пробация қызметіне басшылық жасау тобының білімді де білікті қызметкеріне айналды. Қызмет ету жолдарында өзін тек жақсы жақтарынан көрсете білген. Қызметте тек алда болып, жас мамандарға ақыл-кеңес беріп, бағыт-бағдар көрсетіп отырған. Сол еңбегі бағаланып, ІІМ ҚАЖК, ҚАЖД бастығының бірнеше марапаттарына ие болған. Жолдасы Әлімхан Рысбембетов те осы сала қызметкері, әділет майоры. Олар – отбасы мен қызметін қатар алып жүрген, көпбалалы, ынтымағы жарасқан өнегелі отбасылардың бірі. Тұңғыштары Ақжан бүгінде Ж.Махамбетов атындағы №43 мектептің 5сынып оқушысы.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*