Көпбалалы полицей

Полиция қызметіндегі нәзік жанды қыз-келіншектерге ел тыныштығын қорғау жолында тынымсыз еңбек ету әрі отбасы тірлігін, бала тәрбиесін қатар алып жүру үлкен жауапкершілік жүктейтіні аян. Ақтөбе облысы Полиция департаментінің қалалық басқармасына қарасты Жедел басқару орталығы «102» қызметінің операторы Әсем Жаңабайқызы – көп балалы ана. Жолдасы да ұзақ жылдар Ақтөбе заң институтында оқытушы болып еңбек еткен. Төрт бала тәрбиелеп, әрі қиындығы мен жауапкершілігі мол жұмысты қатар алып жүрген Әсем Жайынауызовамен тілдесудің сәті түскен еді.
«Менің әкем кезінде ішкі істер органдары саласында еңбек еткен.Өзім алдымен Ақтөбедегі музыка училищесін бітірдім. Домбыра тартып,ән салатын едім. Бәлкім, бұл салаға келмегенде өнер адамы болар ма едім.Осы қызметке келгеніме 15 жыл болды. Жұмысым өзіме өте ұнайды. Қала бойынша хабарламалар күнделікті келіп түседі. Отбасылық кикілжіңдер, жеке заттарын ұрлатып алу, автобуста немесе басқа да қоғамдық орындарда орын алған заң бұзушылықтар мен тұрғындардың тыныштығын бұзуға қатысты қоңыраулар қабылдап жатамыз. Жұмыс барысында қоңырауды тез, шапшаң қабылдап, ұқыпты болуы керек. Себебі, көп жағдайда азаматтардың өмірі сенің әрекетіңе байланысты екенін түсінесің. Қазіргі кезде қоңыраулар саны көбейді. Олардың арасында жер үйлер мен пәтер тонау, зорлық-зомбылық, ішімдік ішкен азаматтардың заңбұзушылық әрекеттер жасауы мен көпшілік жиналатын ойын-сауық орындарындағы төбелеске байланысты ақпараттар бар.
Менің әкем де осы ішкі істер органдары саласында қызмет етті. Ол Байғанин ауданы Ішкі істер бөлімінің бастығы болған. Сондай-ақ, жолдасым да осы салада, Ақтөбе заң институтында оқытушы болды. Қазір зейнет демалысында.Үлкен ұлым қазір 19 жаста, орта оқу орнын тәмамдады. Өзі ішкі істер органдарына қызметке келгісі келеді. Қазір әрі қарай оқуды жалғастыруға дайындалып жүр. Ал анам биыл 63 жасқа толады. Менің барлық бос уақытым үй шаруашылығына жұмсалады. Оның ішінде, әрине, балалардың сабағына көмектесемін.Олар да менің қызметіме үйренді. Кей кезде ең кіші,5 жастағы балам: «Ана, сен басқа жұмыс жасасаңшы!» – дейді. Алайда, мен өзімнің жұмысымды ұнатамын. Армансыз адам болмайтыны сияқты, менің де арманым көп. Олардың ең бастысы, қазір бастаған жоғары оқу орнын аяқтап, қызметте жоғарыласам деймін. Отбасында ең бірінші төзімділік пен сыйластық болғаны дұрыс. Мен 18 жасымда тұрмысқа шығып, алғашында жолдасымның ата-анасымен бірге тұрдым. Енеме алғысым шексіз. Жастай тұрмыс құрғаннан кейін көп жағдайларда маған көмек көрсетті, барлық үй тірлігінің қыр-сырын үйретті. Сол кісінің мектебінен өткеннен кейін мен де отбасымда барлық жағдайда көрген-білгенімді балаларыма үйретуге тырысамын.Негізінен барлық қыз балалар ертерек тұрмысқа шығып, балалы болғаны дұрыс деп ойлаймын. Көп балалы болғаннан қорқатындар да бар. Менің ойымша, кезінде ата-әжелеріміз «әр баланың өз несібесі бар» деген ғой. Балалар да біріне-бірі көмек көрсетіп, қамқор болып өседі. Соған сенемін және тағы бір балалы болсам деп те ойлаймын», – дейдікейіпкеріміз.

Ақтөбе облысыныңПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*