Қоғамдық кеңестің жаңа құрамын сайлады

ІІМ-де министр Ерлан Тургумбаевтың төрағалығымен Ішкі істер органдары қызметі мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің жаңа құрамын құру бойынша жұмыс тобының отырысы өтті. Бұдан бұрын, яғни 2016-2018 жылдары қызмет атқарған Қоғамдық кеңес өз жұмысын аяқтаған болатын.
Отырыс барысында министр ең маңызды міндеттердің бірі – тұрғындардың сенімі екенін атап өтті.
«Біз қоғамның полицияға сеніммен қарап, ал полиция қоғамдық тәртіпті сақтау міндетін мінсіз атқарғанын қалаймыз. Полиция халыққа жақын болуы керек және ішкі істер органдары қызметіне қатысты кез келген мәселелер бойынша қоғамның пікірін ескеруі тиіс. ІІМ жанындағы Қоғамдық кеңестің ең маңызды мақсаты – азаматтар мен қоғамның мүддесі полицияның іс-жүзіндегі қызметімен барынша толық сәйкестігіне қол жеткізу», – деп атап өтті Ерлан Тургумбаев.
Қоғамдық кеңестің мүшелігі байқауына қатысу үшін 25 өтініш және ұсыныс келіп түсті. Олардың бәрі белгіленген тәртіппен тіркелді.
Жұмыс тобының мүшелері дауыс беруді жүргізді. Заң талабына сәйкес, Кеңестің құрамындағы жалпы мүше санының 2/3-і азаматтық қоғамның өкілдері, ал мемлекеттік органдардардың өкілдері 1/3 болуы тиіс. Жаңа Қоғамдық кеңестің құрамы осы талаптарды сақтай отырып құрылды.
Кеңестің құрамы министрдің бұйрығымен бекітіліп, ІІМ интернет-порталында жарияланды.
Соңында Ерлан Тургумбаев қоғам өкілдеріне белсенді азаматтық позициясы үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыспен күрес, құқықтық сана, заңға мойынұсынушылық және саламатты өмір салтын сақтау саласындағы саясатын іске асырудағы ынтымақтастықтың конструктивті негізін құру бойынша атқарып жатқан жұмыстарына табыс тіледі.

ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*