«Ертіс – адалдық алаңы»

Қоғамдастық, Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Павлодар облысы бойынша департаменті және облыстық Полиция департаментінің бірлескен күші арқасында Ертіс ауданы Полиция бөлімінің тіркеу-емтихан алу бөлінісі (бұдан әрі ТЕЖБ) қызметінде статистикалық деректер негізінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингі жүргізілді. Жобалық кеңсесі стандартты кездесулер өткізуден алшақтап, сыбайлас жемқорлықтан тәуелсіз өңір құру мақсатында бар проблемаларды шешумен нақты іс-әрекеттерге көшті.
Жүргізуші куәлігін алғаш берудің 4 мәрте өсу беталысы айқындалды. Мысалы, 2016 жылы Ертіс ТЕБ 551 жүргізуші куәлігін берген, ал 2017 жылы Ақсу қалалық ТЕБ-де жүргізуші куәлігін алғаш беру тоқтатылған мезеттен бастап, 2018 жылы Ертіс ТЕБ-де шамамен 2 мың жүргізуші куәлігі берілген.
Павлодар облысының ПД Әкімшілік полиция басқармасы жүргізілген іс-шаралар барысында сыбайлас жемқорлық көріністерінің туындауының жолын кесуге бағытталған нақты іс-әрекет алгоритмін жасап шықты.Біріншіден, таяуда Павлодар қаласында мамандандырылған ХҚКО-да жүргізуші куәлігін алғаш беру туралы шешім қабылданды. Екіншіден, полиция қызметкерлері және қызмет алушы арасында байланысты болдырмау мақсатында Ертіс ауданы ПБ ТЕБ осы ауданның ХҚКО ғимаратына көшірілді. Үшіншіден, мемлекеттік қызметті уақытылы және сапалы көрсету үшін Ертіс ауданы ПБ ТЕБ қызметкерлерінің штаттық санын ұлғайту туралы мәселе қаралуда.
Аудан әкімдігі ХҚКО ғимаратында тиісті жөндеу жүргізіп, ауданда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында емтихан қабылдау үшін жағдай жасалған. Осылайша, Павлодар облысында қоғамдастық, Полиция департаменті, Мемлекеттік корпорация және Агенттік департаментінің бірлескен күші арқасында жүргізуші куәлігін алғаш беруде сыбайлас жемқорлық тәуекелінің жолы кесілді.
Бұл – «Ертіс – адалдық алаңы» жобасының табысты іс-әрекетінің жарқын үлгілерінің бірі. Қазіргі уақытта Екібастұз қаласы ТЕБ қызметінің талдауы жүргізілуде. Оның нәтижелері кешірек жолданатын болады. Одан басқа, қоғамдастық мектеп бағдарламасына жол қозғалысы ережелері негіздеріне балаларды оқытуды қосу туралы мәселені зерделеуді ұсынды.
Мұндай тәсіл, біріншіден, біздің балаларды жазатайым оқиғалардан сақтайды және жол тәртібін арттырады. Екіншіден, оқу процесі аяқталған мезетте балалар жүргізу қабілетін игеруден басқа, өздігінен жүргізуші куәлігін алуға дайын болады.

Павлодар облысының ПД

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*