Супер лигаға жолдама

Жуырда «Триатлон» мектебінде футзалдан Көкшетау қаласының футбол әуесқойлары лигасының командалары арасында турнир өтті.
Супер лига, «А» лигасы, «Б» лигасынан тұратын турнир екі айналымнан тұрып, әр топта 10 командадан бақ сынады.
Өзге салалалардан жасақталған командалармен бірге Ақмола облысы ТЖД құрамасы да сынға түсіп, үздік ойын өрнегін көрсетті.
Құрама команда қатарында Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері Әділ Тукеев, Арман Туканаев, Ілияс Жексембаев, Аязбек Кәкинтаев, Абай Қабыкенов, Бақытжан Кекенов, Төлеу Дәурен, Азамат Айтбаев сынды мықты аяқдопшылар ойнады.
Ойын нәтижесі бойынша Ақмола облысы ТЖД қызметкерлері «А» тобында үздік шығып, жүлделі 1-орынға ие болды. Сонымен қатар, келесі маусымның Супер лигасына жолдама алды.

А. ТӨКЕЕВ, Көкшетау қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*