Қоғамға бейімдеудің қарымды жолы

Жуырда Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік оңалту орталығымен бірлесіп, қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түріне сотталғандарды және түзеу мекемесінен босап шыққан азаматтарды қоғамға бейімдеу, бос уақыттарын тиімді пайдалануға шақыру, олардың құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға қайта баруының алдын алу мақсатында дойбыдан және шахматтан жарыс ұйымдастырылды.
Аталған спорттық шараға есепте тұрған оншақты сотталған қатысты. Тартысты өткен спорттық бәсекенің қорытындысы бойынша дойбыдан Ислам Ізтілеу мен Ернар Жартай жеңіс тұғырларынан көрінді. Ал шахматтан Серік Абдулов және Гаухарбек Қабыланбеков үздіктер қатарынан табылды.
Барлық қатысушылар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Қызылорда қалалық Пробация қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*