Саламаттықтың негізі – спорт

Орал қаласындағы «Динамо» спорт базасы аумағында Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай шаңғы тебуден жарыс өтті. Турнирге Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қатысты.
Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер әрдайым жақсы физикалық қалыпта болуы керек. Бұл олардың қызметтерінің ажырамас бөлігі. Сондықтан олар спортпен белсенді шұғылданады, жаттығу залында жүгіріп, машықтанады.
1 наурызда аталып өтілетін Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орайластырылған жарыста 5 шақырымға созылған шаңғы трассасын 50 құтқарушы бағындырды.
«Шаңғы жарысы денешынықтыру дайындығын жақсарту, сергектік пен рух қуатын арттыру үшін ғана емес, саламатты және белсенді өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды», – деді жасақ басшысының орынбасары Қуаныш Қайырлиев.
Құтқарушылар саламатты өмір салтын насихаттаудың ең жақсы тәсілі – әртүрлі спорттық іс-шараларға қатысып, өздері үлгі көрсету екеніне сенімді.

Л. ӘБДІРАХМАНОВА, Батыс Қазақстан облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*