Тағзым және мың алғыс

Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына байланысты ҚР ІІМ интернационалист-жауынгерлерімен және ардагерлерімен тақырыптық кездесу өтті.
Ақтөбе облысының ТЖД басшылығы жиналған қауымға құттықтау сөз сөйлеп, олардың ерлігі мен батырлығы үшін алғыс білдірді.Ауғанстандағы қызмет кезінде көрсеткен ерлігі үшін және кеңес әскерлерінің республика аумағынан шығарылғанына 30 жыл толуына байланысты ҚР ІІМ ардагерлері алғыс хаттармен және медальдармен марапатталды.
«Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 3 МӨСБ-нің акт залында қаза болған кеңес сарбаздарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Сонымен қатар, қатысушыларға «Ауғанстан.Соңғы солдат» деректі фильмі ұсынылды. «Рота, подъем!» әнін орындаған № 3 МӨСБ жас қызметкерлері тақырыптық музыкалық композицияны үлкенбелсенділікпен және қызығушылықпен дайындады.
Өз кезегінде интернационалист-жауынгер С.Шуданов жиналғандарға, ТЖД-нің қызметкерлеріне алғысын білдіріп, өзінің және қаруластарының қатысқан оқиғалары туралы әңгімелеп, жас өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға нұсқаулар берді.Кездесу соңында ардагерлер өрт сөндіру күзетінің мұражайына барды.

Ақтөбе облысының ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ
Кадр жұмысы бөлімі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*