Ардагерлерге арналған марапат

Жуырда Орал қ.ПБ-да ішкі істер органы ардагерлер кеңесінің бастамасымен келелі жиын өтті. Саналы ғұмырын құқық қорғау органының қатал қызметіне арнаған, бұл күнде бірнеше жылғы еңбек өтілінің зейнетін көріп отырған ардагер ағалардың біразы осы жиынға арнайы шақырылды.
Алғаш сөз алған Орал қ.ПБ ардагерлер кеңесінің төрайымы, милиция майоры Клавдия Қуанышқалиева кеңес жұмысының атқарып отырған шараларына тоқталып, кеңес жұмысының қарқын алуына атсалысып жүрген ардагерлерге алғысын айтты. Еділхан Жұмашев, Нұрлан Киреев, Марат Испулов, Жексен Қойбағаров, Қайырлы Саматов, Сұңғат Аманбаев, Еркінғали Айдыналиев сынды ардагерлердің қоғамдық жұмыстарға бір кісідей атсалысатынын, спорттық жарыстардан қол үзбейтінін баяндаған Мақсот Қайсақов та ризашылығын жеткізді.
Бұдан әрі өмірі мен тәлімі өнегелі ардагерлердің бірқатарын Клавдия Қуанышқалиева Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаевтың, Орал қ.ПБ бастығы полиция подполковнигі Мерлан Айкеновтің атынан «Алғыс хаттармен» марапаттады. Сонымен қатар, кеңес төрайымы Клавдия Қуанышқалива Орал қ.ПБ бастығы, полиция подполковнигі Мерлан Айкеновке, басқарма бастығының орынбасары, полиция полковнигі Наурызбай Ғұмаровқа медальдар тапсырды.Басқарма басшылары ішкі істер органы Ардагерлер кеңесінің атқарып отырған жұмыстарына оң баға беріп, бастамаларына әр кезде қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Гүламан ИСМАГУЛОВА,Орал қ.ПБ баспасөз қызметкері

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*