Сақтандыру ережесін білген абзал

Демалыс күндері облыстың қалалары мен ауылдық аудандарында халықты қысқы жылыту маусымының өрт қауіпсіздігіне оқытуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар өтті.
Рейдке қатысушылардың мақсаты: пешпен жылытылатын әр отбасына барып, облыс тұрғындарын тұрмыста қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетінің дағдыларына үйрету, өрт және өзге де қауіпсіздік ережелерін сақтау, кәмелетке толмаған балалардың өмірі үшін жауапкершілікті сақтау.
«Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі күні» акциясына ТЖ аумақтық органының қызметкерлерімен бірге «Жас Отан» Жастар қанатының еріктілері мен волонтерлері, «Қызыл Жарты Ай қоғамы» ҚБ, халыққа газбен қызмет көрсететін «ФЛЛИД» ЖШС кәсіпорнының қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан 5512 әскери бөлімінің әскери қызметшілері, сондай-ақ қызметке қатыстырылмаған гарнизонның жеке құрамы қатысты.
Аймақ тұрғындарымен кездесу барысында тұрмыстағы өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері жеткізілді, тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларға түтін жолдарын тазалау бойынша көмек көрсетілді.Облыс бойынша рейдтерге барлығы 244 адам қатысты. Акция барысында 11 мыңнан астам адамды қамтитын нұсқаулықтар мен әңгімелер өткізілді.

Павлодар облысы ТЖД

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*