Криминалистика – ғылыммен ұштасқан сала

Мен – криминалиспін. Ия, бұл сөзді мен мақтана айта аламын. Мектеп қабырғасында жүріп осы бір сыры көп сала қатты қызықтырды. Отбасымдағы ағайын-жұртымның ешқайсысы ішкі істер саласына қатысы болмаса да, мен іштей осы саланың маманы болуға дайындалып жүрдім.
Әкемнің досы ішкі істер саласына еңбегі сіңген қызметкер болатын. Ол кісі үйге келгенде қасында отырып, әрбір айтқан сөздеріне құлақ салып бой түзейтінмін. Кейін жоғары оқу орнында оқып жүргенде оқу-іс тәжірибесін өту барысында криминалистика саласымен етене таныстық, сырлы чемодан ұстаған полиция қызметкері түйінделген қылмыс қорытындысының кілтін ұстаған маңызды адам ретінде көрінетін. Ішкі істер саласына қабылданғаннан кейін де осы саланың жұмысынаауысу маған оңайға соққан жоқ. Патрульдік бекеттерде жүріпжедел тергеу тобының жұмысына белсене араласып, криминалистика саласының сан саласын ептеп ұға бастадым. Содан бұл саланың әр қыры мен қиылысын меңгеруге терең білімнің қажеттігін түсіндім. Тәжірибелі криминалистермен қызмет барысында араласа жүріп, оларға өз ойымды, криминалист болғым келетінін ашық айттым. Қасымдағы әріптестеріммен бірге бұл саланың қиын соқпағын бірге өтіп жүріп, оқиға орнындағы әрбір айғақты сүзгіден өткізетін криминалист мамандардың еңбегіне қызығатынмын. Әріптестерім криминалистиканы жауапкершілігінің жүгі көп сала деп қашқақтайтын. Ерекше чемодандағы тұрмыста қолданылмайтын, ғылыммен ұштасқан ұнтақтардың сырын меңгеру мен үшін мақсат болды. 2017 жылдың 5 шілдесі алға қойған мақсатымның біріне жетіп, Қызылорда ҚПБ Жедел-криминалистика бөлімнің криминалисі болып тағайындалдым.
Әрине, оқиғалар басында жедел-тергеу тобына бекітілген ерекше түсті кеудеше киіп, маман ретінде чемодан асынып жүру маған бірден бұйырған жоқ, жетекшім болып тағайындалған Қызылорда ҚПБ Жедел -криминалистка бөлімінің аға криминалисі, полиция майоры Т.Махамбетов қызметтік бөлмесіне шақырып, «Қылмыс жасырынды айлаға құрылады, айланы әшкерелеу үшін амал керек, ал амалын табу үшін не керек» депалдыма криминалистика саласына қатысты том-том кітаптарды қойды. Маған бұл шешімі жоқ математикалық айырылысуларға құралған теңдеудей болды. Жыл өте бұл теңдеудің шешімі том-том болған кітаптардың ішіндегі білім екенін түсіндім. Қызылорда ОПД Жедел-криминалистикалық басқармасына қарасты «Оқу-жаттығу полигонында» іс-тәжірибеден өту барысында басқарма бастығы, полиция полковнигі Ә.Маштаевтың басқаруымен көптеген білімге қанықтым. Оқу-жаттығу кезінде көптеген қиыншылықтарға жолығып, қайта партаға отырып криминалистика әліпбиін жаттап, жүйелі білім алуға тура келді. Себебі, қылмысорын алған жердегі әрбір айғақ заттарбір-бірімен қылмен бекітілгенде ұштасып тұрады, ал оны үзіп алсаңыз іздің жойылып, қылмыстық іске кері әсерін беруі мүмкін. Сондықтан жас маман ретінде «Оқу-жаттығу полигонында» іс-тәжірибеден өту қиынға соқты. «Тәжірибе қиын болса, майданда оңай» – демекші, қылмыс майданында бұл тәжірибенің маңызы көп болды. Әрине, жүзжылдық тарихы бар көпсалалы криминалистиканың барлық қырын игеруге маған әлі көп уақыт пен тәжірибе керек.
Бір ғасыр дегеніңіз дөңгеленген дүниенің өлшемімен алсақ теңіздегі тамшымен бірдей, ал өз кеңістігіміздегі заманмен санассақ бұл бір адамның ғұмыры. Криминалистика саласына жүз жыл толғалы отыр. Қылмыскердің фото-суретімен картотека құраудан бастау алған бұл сала қазір тереңдеп тамыр жайған. Криминалистка саласының өміршеңдігі соншалық, заман ағымындағы әрбір жаңалықпен ұштасып жатады. Оның бірін ғана атасақ ол техникалық дамуы. Криминалистика қоғаммен қайнасып үнемі дамып отыратын тірі организм секілді. Оның шарықтау шегі мен батар күні жоқ, ол үнемі қозғалыста, дамуда. Біздің міндетіміз осы дамуға үлес қосу. Жас қызметкер ретінде заман толқын жаңартуға, қылмысқа бұрау салуға криминалистикалық біліктілігімді сарқылғанша қолданып адал қызмет ету – зор мақсаттарымның бірі болып қала береді.

Ерқанат БОЛАТОВ,
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының
Жедел- криминалистика бөлімінің криминалисі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*