Әкесінің ізімен

Сонау 1998 жылы Ақмола облысының Көкшетау қаласында Ташеновтер отбасында Асқар деген ұл дүниеге келген. Балалық шағы махаббат пен қамқорлыққа толы болды.
Әлемде күрделі кәсіптердің бірі– өрт сөндірушілік. Асқардың әкесі Біржан Алданғарұлы Ақмола облысы ТЖД «өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ кезекші өрт сөндіру қызметінің жедел кезекшісінің орынбасары болып қызмет етеді.
Өрт сөндіру күзетіне 20 жылдан астам уақытын арнаған. Бұл өзі қаншама еңбек, төгілген тер десек те, сол құтқарылған адамдар мен сөндірілген өрттердің санын Біржан Алданғарұлы білмейді. Қызмет еткен жылдары әртүрлі күрделі өрттер, өрт құрбандары, қайғы мен көз жасы, алғыс айтқандар болғаны анық.
– Өрт көп болды, қатты жанды. Сол жылдары электр қуатымен іркілістерден, газдан, шамдар мен майшамдардан, кішкене пештерден шыққан өрттің қайсы бірі есте қалсын, әйтеуір, бар мақсат адамдарды және мүлікті құтқару болады.
«Жас қызметкерлерді қалай тәрбиелейсіз?» деген сұраққа Біржан Алданғарұлы: «Менірухтары өте күшті қызметкерлер мені тәрбиеледі. Олардан мен көп нәрсе үйрендім. Сол білгендерімді жас ұрпаққа беруге тырысамын. Ешқандай жеңілдік бермеймін. Бұл орынсыз. Жаттығу барысындағы бүгінгі жеңілдіктер ертең біреудің өмірінің құны. Оның үстіне қызметте жарақатсыз болмайды. Шағын жарақаттар және күйіктер – бұл өрт сөндірушілер үшін әдеттегі іс. Тыртықтар нағыз ер азаматтарды безендіреді деп бекер айтпаған» дейді ол.
Біржан Алданғарұлы Көкшетау қаласы 3-ӨСБ бөлімше командирі болғанда, «Драйвер» қонақ үйіндегі өртті сөндіру кезінде, батылдық танытқаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2011 жылы 5 мамырда «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Бұл, төтенше жағдайларды жоюға қатысқандардың тек бір бөлігі ғана. Біржан Алданғарұлы өз ұлына бар білгенін үйретеді. Біржан Алданғарұлының ұлы Асқар Ақмола облысы ТЖД«ӨС және АҚЖҚ» ММ өрт сөндірушілердің қатарында аға өрт сөндіруші лауазымында Отанына адал қызмет етеді. Асқар Біржанұлы қазіргі кезде Абай Мырзахмет атындағы Көкшетау университетінде «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы бойынша білім алуда және болашақта әкесінің жолымен ҚР ІІМ ТЖК КТИ оқуға түсіп, офицерлік шенін алып қызметін жалғастырудымақсат етеді. Ол ұжымымен жақсы қарым-қатынаста, өз ауысымына әрқашанда ықыласпен шығады.

А.ҚҰРЖАН,Көкшетау қ. 3-ӨСБазаматтық қорғау капитаны

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*