Өнеге болған өмірлік жол

Отанымыздың тыныштығын сақтауына көп жылдық және адал еңбек еткен отставкадағы полицияподполковнигі Серік Сеиловтың өмірлік жолы қазіргі жас полицей мен келешек ұрпақтар үшін өнеге. Ішкі істер органында 30 жылдан аса уақыт еңбек сіңірген ардагер Серік Жанайұлы бүгінде құрметті зейнет демалысында. Кезінде Көкшетау ст. ішкі істержелілік бөлімшесін басқарған Серік Жанайұлы кадрлардыжаңадан жасақтап, көптеген ұйымдастырушылық жұмыстарды атқарған болатын. С.Ж Сеилов басқарған Көкшетау ст. ІІЖб-ден 16 шақты полковник және 1 генерал (Т.Рақымжанов) шықты.
Өмірінің 42 жылын ішкі істер органында қызмет етуге арнаған жұбайы –Ғалия Қанапьяқызы екеуі ұл, қыз тәрбиеледі. Қазіргі таңда олар ұлын ұяға қондырып, қызын қияға ұшырған, 3 шөбере сүйген өнегелі жанұя.
Жуырда Көкшетау ст. ЖПб бастығы,полиция полковнигі Жанат Садықов, Көкшетау ст. ЖПб бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Қайрат Әбілдинов, бірқатар жылдары Көкшетау ст. ІІЖб басқарған, отставкадағы полиция подполковнигі, бүгінгі таңда зейнеткер Кенжетай ЖаксалықовСерік Жанайұлын туған күнімен құттықтап, сыйлық табыс етті.Ішкі істер органына, Отанға адал еңбек еткен Серік Жанайұлының өмірі жас полицейлергеүлкен өнеге.

Б.КАРИМБАЕВА,Көкшетау ст. ЖПбМТАТ жетекші маманы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*