Алдын алу жұмыстарына түсіністікпен

Өрттің алдын алудың негізгі мақсаттары мен міндеттері өте қарапайым. Оларды орындау қиын емес. Ең бастысы – өрт қауіпсіздігі қағидаларын ұстану. Ақтөбе облысы ТЖД гарнизоны тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін халыққа жеткізу үшін 2 демалыс күні ішінде тағы да бір рет түсіндіру мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырды.
Тұрғын секторда алдын алу жұмыстарын жүргізуге азаматтық қорғау органдарының барлық жеке құрамы, соның ішінде департамент аппараты да жұмылдырылды. Жұмыс аса тиімді болу үшін аулаларды аралау демалыс күндері, көптеген азаматтар үйде болған кезде жүргізілді.
2019 жылдың 9 және 10 ақпанында 3649 тұрғын үйдің 12 мыңнан астам тұрғыны қамтылды, 315 адамның қатысуымен 25 жиналыс және жиын өткізілді. Әлеуметтік осал тобындағы 1271 тұлғаның тұрғылықты жері бойынша 326 рейд ұйымдастырылды. ЖПҚ-мен бірлесіп 98 рейд өткізіліп, 469 адам қамтылды. 410 азамат үшін 25 рет әлеуметтік роликтер көрсетілді. Өрт қауіпсіздігі бойынша 7267 ақпараттық материал таратылды. Өткізілген іс-шараларға барлығы 396 адам (Азаматтық қорғау органдары, Ерікті өртке қарсы қызмет құрылымдары, Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлері, еріктілер, газ қызметі қызметкерлері) қатысты.
Жағымды жағы тұрғындардың көпшілігі қызметкерлердің жұмысына үлкен түсіністікпен және құрметпен қарады. Тұрғындар үйлеріне кіргізіп, өртке әкелуі мүмкін кемшіліктерді көрсетуді өтінген жағдайлар болды. Кейбір тұрғындар өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша ақпарат алуда құтқарушылардың көмегінен бас тартады. Ал әр адам осы ережелерді білуі, оларды орындауы, сондай-ақ оған өз балаларын үйретуі керек.

Ақтөбе облысы ТЖД

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*