Аудандарда жұмыс қауырт

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Баянауыл ауылында және Майқайың кентінде көп балалы отбасылар тұратын үйлерде аудандық ТЖ бөлімінің қызметкерлері полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, улы газды анықтау бойынша датчиктерді орналастыру жұмыстарын жүргізді. Бұл аспаптар үй-жайда улы газ болған жағдайды анықтап, дабыл береді.
Датчиктерді орнатар алдында үйдің әрбір иесімен аспаптың жұмыс принципі бойынша нұсқаулық өткізілді. Тұрғындар көрсеткен көмектері үшін қызметкерлерге алғыстарын білдірді. Сондай ақ, рейдтік іс-шаралар Қалқаман ауылдық округі әкімдігінің аумағында өткізілді. Тұрғындармен кездесу кезінде азаматтық қорғау қызметкерлері электр жабдықтарын, газ қондырғыларын және жылыту пештерін пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелері мен талаптарын түсіндірді.Жылыту кезеңінің басынан бастап 2018-2019 жылдары3 адам өрт салдарынан және тұншықтырғыш газдан зардап шеккен.
Шарбақты ауданында осы жылдың басынан 600 мың теңгеден астам шығын келтірген 6 өрт болды. Өрт кезінде 1 адам қаза болған. Өрттің басым бөлігі тұрғын секторда орын алады, сондықтан өрт қауіпсіздігі рейдтері отпен күресудің негізгі шараларының бірі болып табылады. ТЖ мамандары осындай алдын алу жұмыстары аясында аулаларды аралап, тұрғындарға өртке қарсы тақырыптағы жадынамалар тапсырады, өз иеліктерінің өртке қарсы қорғанысын қамтамасыз етуді мұқият қадағалап отыруға кеңес береді.
Сонымен қатар, улы газдан уланудың алдын алу мақсатында азаматтық қорғау қызметкерлері көп балалы және аз қамтылған отбасыларға үйлерде тұншықтырғыш газын анықтау үшін аспаптар орнатуда. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, халықтың осал топтары тұратын жерлерде түтін жолдарын тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Павлодар облысы ТЖД

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*