Өрт қауіпсіздігінің жексенбісі

Тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алу жұмыстарының маңыздылығын ескере отырып, СҚО ТЖ департаментінің қызметкерлері өткен сенбі мен жексенбіде көк және жасыл формада көпшілік жерлерге барды жәнеоблыстың елді мекендерінің көшелерінде болды.
Олар өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді, жадынамалар таратты, жылыту пештерін, электр құралдарын қауіпсіз пайдалану бойынша отбасы мүшелері мен иелеріне кеңес берді. Осы екі күн ішінде 5700-ден астам үйде тұратын 13937 солтүстікқазақстандық осындай маңызды және қажетті жұмыстарды қамтыды. БірақСҚО ТЖД қызметкерлері барлық үйде бола алмады, бір жерлерде үйлерінде ешкім болмаса, ал кейбір үй иелері өз тұрғын үйлеріне кіруге рұқсат бермеді (соңғылары 700-ден астам). Әрине, бұлай етуге үй иелері толық құқылы және бұған дау айтылмайды. Алайда, осы рейдтер тұрғындардың өз мүддесі үшін жасалады және ешқандай зардаптар мен міндеттемелерге әкеп соқтырмайды. Департамент бөлімшелерінің жеке құрамы ӨҚБ бұзушылықтарын көрсетеді және қолданыстағы заңнамаға толық сәйкес оларды жою тәсілдері бойынша иелеріне кеңес береді.
Сонымен бірге, облыс орталығының көп балалы отбасыларында газ талдағыштар орнату бойынша акция жалғасуда. Петропавл қаласы бойынша ТЖ Басқармасының қызметкерлері осы күндері Рабочий кентіне және Подгора шағын ауданының 5 отбасына барып, көп орын алмайтын, бірақ соншалықты тиімді қауіпсіздік құралдарын орнатты. Енді СО 2 концентрациясының қауіпті деңгейі жоғары болғанда олар иелері мен үйдегілерді дыбыстық сигналмен хабардар етеді, сөйтіп олардың денсаулығы мен өмірін сақтайды.
«Бұл үйдегі қауіпсіздік деңгейін жоғарылатады, болуы мүмкін қауіп пен қатердің алдын алады», – дейді Александр есімді тұрғын газтализатор орнатқан азаматтық қорғау офицерлеріне алғысын білдіріп. Сондай-ақ, осындай қажетті құрылғы орнатылған үйдің иесі Татьяна да осындай пікірде болды. Бұл отбасыларда 15 баладан бар еді.
Өткен демалыс күндері тек төтенше жағдайлар бөлімімен № 16 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Ғ. Мүсірепов ауданында 10 автономды өрт сөндіру датчигін орнатты. Бұл акция аудандық Ардагерлер кеңесімен бірге соғыс және еңбек ардагерлері тұратын үйлерде өткізілді.

Денис ШУВАЕВ,СҚО ТЖД өрт қауіпсіздігін бақылау және алдын алу басқармасының бастығы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*