Төтенше жағдайдың алдын алуға арналды

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында БҚО ТЖД бастығы, генерал-майор Ж.Жұмашевтың төрағалығымен, сондай-ақ меморгандардың басшылары мен БАҚ өкілдерініңқатысуымен облыстағысу тасқыны кезеңін қауіпсіз өткізу және өрт қауіпсіздігін ұйымдастыру жұмыстары мәселелері бойынша баспасөз конференция өткізілді.
Жасұлан Қыдырғожаұлының айтуынша, 2018 жыл ішінде БҚО-да 697 өрт болып, онда 11 адам қаза болған, оларда 3 тұлға мас күйде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған. Шығынның жалпы соммасы 6 млн 614 мың 327 теңгені құраған.
– 2019 жылдың өткен кезеңінде БҚО аумағында 54 өрт болып, онда 3 адам қаза болды, қазіргі кезде өлімнің себебі анықталуда. Шығын соммасы 5 млн. теңгеден асты. Өрттерде жарақаттанған адам саны – 1. Қаза болған және жарақаттанған балалар тіркелмеді, – деді Ж.Жұмашев.
Жылыту кезеңі басталғалы қалалық төтенше жағдайлар басқармасы мен аудандық бөлімдер қызметкерлері, сондай-ақ өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамы 27 346 тұрғын үйлерге, шаруашылық құрылыстарына рейд жасап, жылыту пештерін, газ жабдықтарын және электржылытқыш құрылғыларын тиісті өртке қарсы күйге келтіру бойынша жеке үй секторының 63 527 тұрғынына түсіндірме жұмысын жүргізіп,127 мың жаднама мен ұсыныс таратты. Халықтың 2373 адамын қамтыған 301 жиын өткізілді.
Сонымен қатар, Ж.Жұмашев облыстағы су тасқыны туралы да егжей-тегжейлі айтты.
– Күзгі-қысқы кезеңнің ТЖ алдын алу жоспарына сәйкес су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша алғашқы іс-шаралар да өткізілуде. Шығарылған қар көлемі 500 мың м3 құрайды. Жұмыс жалғасуда. 2019 жылдың су тасқыны кезеңіне дайындалу мақсатында еріген суды апатсыз өткізуге бағытталған іс-шаралар кешені әзірленіп жүзеге асырылды, – деді ол.

БҚО ТЖД
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*